Білім • 19 Наурыз, 2024

APAIE халықаралық көрмесіне қатысты

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Аустра­лия­дағы ең ірі APAIE халықаралық жоғары білім конференциясында өз павильонын таныстырды.

APAIE халықаралық көрмесіне қатысты

APAIE – әлемнің түкпір-түкпіріндегі академиялық орта өкілдерінің арасында білім мен тәжірибе ал­ма­суға арналған ең үлкен үш алаңның бірі. Биылғы көрмеге әлемнің 300-ден астам жетекші университеті қатысып, білім беру мүм­кіндігін паш етті.

Ұлттық университет APAIE конфе­рен­циясына екінші рет қатысып, халық­аралық бағдарламалары мен жобаларын таныстырды. Көрмені 2 мыңнан ас­там делегат тамашала­ды. Университеттің Стра­те­гиялық даму жөніндегі про­рек­торы Думан Айтма­ғамбетов бүгінде білім ор­да­­сының халықаралық ын­ты­­мақ­­тастықты белсенді да­мытып, студент­тер мен оқытушылар үшін мүм­­кіндіктерді кеңейтіп жат­қанын айтты.

– APAIE конференция­сы біз үшін өте нәтижелі өтті. Елуден астам жо­ғар­ғы оқу орны өкілдерімен келіссөз жүр­гізіп, Жапония мен Сингапурдың же­тек­ші университеттерімен ын­ты­мақ­тас­тық бағыттарын тал­­қыладық. Шетел­дік се­ріктестер ағылшын тілін­дегі тех­ни­ка­лық және инженер­лік бағдар­лама­лары­мызға үл­кен қызығушылық таныт­ты. Сонымен қатар біз әлемдегі ең үздік бизнес мек­теп­тері­нің бірімен бірлескен білім беру бағдарламасын әзір­леуді жоспарлап отырмыз, – деді Д.Айтмағамбетов.

Халықаралық конфе­рен­цияға қаты­су­шылар тұ­рақ­ты дамуға, стратегия­лық серіктестікті кеңейтуге  ерекше назар ­аударып келе­ді. Өткен жылы  Л.Н.Гуми­­лев атындағы Еура­зия ұлт­тық университе­ті білім беру үде­рісін Бангкоктағы APAIE көр­ме­сінде таныстырған болатын. Со­ның нәти­жесінде бұл аймақтағы білім орда­ларымен ынтымақтастық дамып, қа­зіргі таңда ака­де­миялық ұтқырлық аясын­да Таиланд, Вьетнам және бас­қа елдер­дің студенттері ­ЕҰУ-да білім алып жатыр.

 

Бекзат ҚҰЛШАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті