Айтыс • 19 Наурыз, 2024

Жас жүрек жырлайды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған облыстық оқушылар айтысы болып өтті.

Жас жүрек жырлайды

Сәтбаев қаласындағы Ш.Діл­дебаев атындағы Кеншілер са­райын­да «Нар тұлға, тау тұлға!» тақы­рыбымен өткен айтысқа Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының мектеп оқушылары қатысып, сөз көрігін қыздырды.

Сыр сүлейі Тұрмағамбет Із­ті­леуұлының өзінен кейінгі тол­қынға қарап тұрып, «Сүйріктей судан шығып келе жатқан, Жас ақын және де көпсөзді настар. Жаңартпай бұлар жұртты қояды ма, Болған соң біреуі – тыс, біреуі – астар» деп сүйіспеншілік білдіретіні секілді, оқушылар айтысына қатысқан талапкерлердің аяқ алыстрына қарап, олардың ертеңі танылғандай болды.

Айтыстың арасында көрер­мендер жас жыршы-термешілердің өнерлерін де тамашалады.

«Лұқпан Хакім «Ұрпағыммен мың жасаймын» деген ғой. Сол айтпақшы, ұлттық тамырдан нәр алған өнерлі ұл-қыздарымызды көр­генде қуанамын, еліміздің ерте­ңін көргендей боламын. Жеткін­шектер арасында осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрсақ, ұтары­мыз көп болмақ. Жастар бірте-бірте жетіледі, шыңдалады», – деді өнерлі жастарға сүйсінісін білдірген Қазақстан Жазушылар одағы­ның мүшесі, ақын Мұса Тілеуов.

Айтыстың 100 мың теңгелік бас бәйгесі жезқазғандық 8-сынып оқушысы Жұбан Камалбекке бұйырды.

 

Ұлытау облысы