Ауа райы • 20 Наурыз, 2024

Мереке күндері елімізде қандай ауа райы болады?

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары 21-23 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мереке күндері елімізде қандай ауа райы болады?

фото: massaget.kz

Болжам бойынша, елдің батысы мен солтүстігіне антициклон екпіні әсер етеді, бұл жауын-шашын күтілмейтінін білдіреді. Түнде сынап бағанасы -10-18°С дейін төмендейді, бірақ күндіз күн сәулесі ауаны жылытып, термометр нөлден жоғары болады.

Ал республиканың орталық, оңтүстік және шығыс облыстары үлкен ылғалдылықпен шығысқа қарай жылжитын циклонның үстемдігінде болады, демек аталған өңірлерде жаңбыр жауып, жел соғады.

Синоптиктер ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.