Оқиға • 22 Наурыз, 2024

Алматыда жол опырылып түсті

2212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жауын-шашын салдарынан «Нұр Алатау» шағын ауданында жол опырылып түсті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жол опырылып түсті

Фото: KRIS.P.ORIGINAL

«Толассыз жауған жаңбыр салдарынан 22 наурызда «Нұр Алатау» шағын ауданында орналасқан Қ.Салықов көшесі бойының бір бөлігі опырылып түсті. Мердігер компания қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. 2014 жылы қалаға қосылған «Нұр-Алатау» шағын ауданындағы Қ.Салықов көшесінің бойында арық жүйесі жоқ болатын. Су тасқынының алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша қаланың орталық бөлігіндегі арық желілері мен нөсер кәріздерін салу және қайта жаңарту жобасына жоғарыда аталған көше қосылды», деп жазды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

«АлматыДорСтрой Компани» ЖШС мердігерлік ұйымы  2023 жылы Қ.Салықов көшесінің бойында ұзындығы 1 350 метр су бұру арық жүйесін салу жұмыстарын бастаған еді. Компания жоспарлы жұмысты осы жылдың сәуір айында аяқтайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024