Ауа райы • 24 Наурыз, 2024

23-29 наурыз аралығында ауа райы қандай болады?

1877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

23-29 наурыз аралығында ауа райы қандай болады?

Синоптикалық болжамға сәйкес, 2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр. Қатты жаңбыр 26 наурызда ҚР батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.