Өрт 12-қабат деңгейіндегі кран кабинасынан шыққан.
«Өрт толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 1,5 шаршы метрді құрады. Кран машинисі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатудан бас тартты», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 8 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.