- Торғай даласы. Амангелді және Жангелді ауданы. Қызылсу тасқынынан аман қалған ауыл аз. Соның бірі - мына суреттердегі Көлқамыс ауылы. Аянышты жағдай. Табиғи апатқа қарсы қылар қайла жоқ.
Қазақстанның біраз бөлігінде болған техногендік апатты өз көзімен көрген премьер-министрдің сөзі ел ішіне тасқын судай тарады: «Олжас Бектенов оценил ситуацию с паводками в Казахстане как сложную, но подчеркнул, что никто не останется без помощи со стороны властей», - сообщает пресс-служба правительства.
Әрине, дәтке қуат сөз. Бұл тасқыннан кейін жасалатын көмек болса керек, - деді депутат.
Бапидың айтуынша, парашютпен тастасақ та, тікұшақпен жеткізсек те, от жағуға құрғақ отын мен ошағы қалмаған халыққа көмек керек.
- Бірақ Торғайдың апат аймағына көмек бүгін керек боп тұр. Мәселен, Көлқамыс ауылының эвакуацияланған тұрғындарына тамақ жеткізу керек, күннің райы бұзылғандықтан, асығыс көшірілген жұртқа жылы киім керек.
Рас, не деріңді білмейсің... Шамасы, бұл керектер үшін апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу қажет шығар. Қалай болғанда да, парашютпен тастасақ та, тікұшақпен жеткізсек те, от жағуға құрғақ отыны мен ошағы қалмаған халыққа көмек керек! Топан судың ортасында аңырап отырғап қазақтарды жалғыз қалдырмайық! – деді мәжілісмен.