ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Вице-министр су тасқынына байланысты жағдайдың әлі күрделі екенін атап өтті. Батыста судың аздап азаюы, республиканың орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде, керісінше, өзен деңгейінің қарқынды көтерілуі байқалады.
«Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай күрделі. Министрліктің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, ауыстырылды», деді Сыздықов.
Оның айтуынша, су тасқыны кезіңінде барлығы 15 786 адам эвакуацияланған, оның 6 187-сі балалар, зардап шеккендер жоқ. Уақытша орналастыру орталықтарында 4113 адам, оның ішінде 1911 бала бар.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті