Қазақстан • 02 Сәуір, 2024

Пышақ жарақатын алған құтқарушының жағдайы белгілі болды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Батыс Қазақстан облысында пышақ жарақатын алған құтқарушының жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Пышақ жарақатын алған құтқарушының жағдайы белгілі болды

Фото: polisia.kz

26 жастағы құтқарушы Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал кентінің маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу кезінде пышақ жарақатын алған.  

«Құдайға шүкір, біздің қызметкер қазір ауруханада, жағдайы тұрақты. Дәрігерлер қызметкердің жағдайы қалыпты екенін айтты. Заң бұзушылар ұсталды, олар өз кінәсін мойындады», деді Б.Сыздықов.

Брифинг барысында министрдің орынбасары құтқарушыға шабуыл жасаған жергілікті тұрғындардың өздері жанжал шығарғанын айтты.

«Біздің құтқарушылар өзен жағасында тұрып, адамдарды бір жағалаудан екінші жағалауға қайықпен алып кетті. Екі жергілікті тұрғын оларға жақындап, жанжал шығара бастаған. Екі мас күйіндегі адам төбелес шығарып, құтқарушыны пышақтап кеткен», деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында құтқарушыны пышақтап кеткенін хабарлаған едік. 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті