Байқау • 03 Сәуір, 2024

Жас технологтер табысы

167 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «RoboLand – 2024» IX Халықаралық роботтехника, бағ­дар­ламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елі­нің өрендері бақ сынасты.

Жас технологтер табысы

Суреттерді түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

RoboLand – еліміздегі ал­ғаш­қы және ірі роботтехникалық жоба. Жас өнер­тап­қыштардың бір алаңда тоғы­сып, тәжірибе алмасатын орта­сына айналды. Техникалық шы­ғар­машылық пен жаңа техно­логия­лардың жарысатын ең ауқымды форумы. Бұл сайыс 2015 жылдан бері өт­кізіліп келеді. 2016 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болды. Ең алғаш 5 аталым бойынша 30 команда бақ сынасқан.

Фестивальдың негізгі ұйым­дастырушылары – Оқу-ағар­ту министрлігі, «Kazdidac» қауым­дастығы, Қарағанды облысының білім басқармасы, облыстық оқу-әдістемелік орталығы. Бұл жол­ғы халықаралық байқауға 678 оқу­шыдан құралған 348 коман­да қатысты. Яғни жас техно­лог­тердің жәрмеңкесіндей жарасым тапты.

Фестивальдың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, облыстық білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Серікжанова қаты­сып, жас өрендерге сәттілік тіледі. Бала­­лардың шығармашылық бел­­сенд­ілігін дамытуға ықпал ету, тех­­никалық пәндерді мең­герту, білім берудегі роботтехни­ка­ның мүмкіндіктерін таныту мақса­тын­да өтіп жатыр.

вап

– Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының тікелей қолдауы­мен ІТ, роботтехника саласына мән беріліп, қолдау көрсетіліп келе­ді. Осы бағытта жүздеген іс-шара, үлкен жобалар жүзеге асырылып отыр. Солардың бірі әрі біре­гейі – «RoboLand-2024» бай­қауы. Осы ауқымды іс-шара­ның бастауында тұрған азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Осы іс-шараға уақытын бөліп, ар­найы келіп қатысып жатқан барлық командаға және ұстаздарға, оқу­шыларға алғысымды айтқым ке­леді. Кезінде Алаш арысы Мір­жа­қып Дулатұлы «Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымыз­ды алсақ та, бір ғана оқудың ар­қасында аламыз. Жақсылыққа бас­тайтын жарық жұлдыз – оқу» деген екен. Бүгінгідей бәсеке мен білімнің заманында бұл мәселе өзінің өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан қадірлі оқушылар, елі­міздің ертеңі өздеріңіз сияқты білімді, сауатты, мықты азаматтар деп білеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы.

Жыл сайын фестивальдің дә­ре­жесі артып, сәйкесінше, өнер­тапқыштардың арасындағы бәсе­келестіктің күшейіп келе жатқа­ны көңіл қуантады. Әдеттегідей, тір­кеу мен қорытындылаудың элек­трондық жүйесі, сондай-ақ тәуелсіз кәсіби төрешілер алқасы өзгеріссіз қалады. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық спорт­тық және білім беру роботтехника­сы қауымдастығының президенті Максим Васильев.

– Бұл фестиваль осымен 9- мәрте өткізіліп жатқандықтан, үл­кен тәжірибеміз бар. Өйт­ке­ні мен бұл сайыста бірінші рет бас төреші болып тұрған жоқ­пын. Фестивальда іс жүзінде өздері­нің білім беру үдерістерінде роботтарды пайдаланатын оқу­шылар қатысады. Роботтарды өз­дерінің ұстаздарының көмегі­мен, нұс­қауымен жасап үйренген балалар бақ сынайды. Сайыс қоры­­­­тын­дылары секундомер қорытын­­­дысы мен балл бойынша шығары­ла­ды, – дейді бас төреші Максим Васильев.

Финалға оза шыққан өнер­тапқыш өрендер 15 санат бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар «RoboLand Kazakhstan» санатына өзгерістер енгізілген екен. Яғни қатысушылар шығармашылық санаттағы жаңа тақырыптар бо­йынша білімдерін додаға салды.

Өзбекстаннан келген делега­цияның жетекшісі Эльдар Аппазов алдымен бұл жерге тәжірибе алу үшін қатысамыз дейді.

– RoboLand-қа біз төртінші рет қатысудамыз. Бұл – беделді алаң­дардың бірі. Біздің елімізде мұндай деңгейдегі фестивальдар өткізілмейді. Кейін өзімізге енгізу үшін тәжірибе жинап жатырмыз десе де болады. Биыл үлкен құраммен келдік. 6 жастан 18 жасқа дейінгі 25 қатысушымыз бар. Олар 12 санатта бақ сынады. Өткен жылы олжалы қайтқан­быз. Жалпы, командалық есепте екін­ші орынға ие болдық, – дейді Эльдар Аппазов.

Бішкектен келген Ринат Со­вет­қанов бұл фестивальға төр­тін­ші мәрте қатысып отыр. Ол RoboLand-тың бірнеше дүркін жүл­дегері. Алғаш рет 2018 жылы мектеп оқушысы ретінде қатыс­ты. Ал қазір И.Раззаков атын­дағы Қырғыз мемлекеттік техника­лық университетінің бірінші курсында оқиды. Командамен бірге экоробот құруды талап ететін шы­ғармашылық санатта өнер көрсетті.

– Бүкіл әлемде қоршаған ортаны қорғау тақырыбы өте өзекті. Өйткені жаһандық жылыну және басқа да факторлар жүріп жатыр. Біз экологияға теріс әсерді азайтуға ықпал еткіміз келеді. Таза энергия өндіру үшін модульдік жел генераторын жасадық, – дейді қатысушы.

«RoboLand» фестиваліне оқу­­шылар Robotmouse, роботты жинау, теңге алу, сондай-ақ жас ерекшеліктері бойынша шы­ғармашылық бағыттағы сайыс, Сумо Grand, Су роботтарының лабиринтті бағыттары, лабиринт және робогеометрия бойынша қа­тысты.

Бұл жолы да жарасым тапқан өнертапқыштар жәрмеңкесі тартысты өтті. Жүлдегерлер Алғыс­хат және естелік сыйлықтармен марапатталды. Келер жылы оқу­шылар арасындағы ірі жобаға он жыл толады. Өз кезегінде ұйым­дастырушылар ауқымын бұдан әрмен кеңейтіп, мүмкіндікті молайтамыз деді.

Білім берудегі инновация­лық тәсілдерді енгізу шеңберінде облыста 240-тан астам робот-техника зертханалары жұмыс істейді. Мұнымен қоса 700-ге жуық информатика және физика мұ­ғалімдері «Роботтехниканы оқыту әдістемесі» курсы бойынша білімдерін жетілдірген болатын.

Өткен жылы «Мұрагер» ма­ман­дандырылған мектеп-лицей-ин­тернатының оқушылары роботтехникадан АҚШ-та өткен чемпионаттың жеңімпазы атанып, ел тарихында тұңғыш рет Champions Award сыйлығының қола жүлдегері атанғанын және айта кетуіміз қажет.

 

Қарағанды облысы