Қоғам • 03 Сәуір, 2024

«Салтанатты ұрған сәттер түсіп қалған»: Бишімбаев бейнежазбаларды неге жойғанын айтты

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қуандық Бишімбаев Гастро-орталықтағы бақылау камераларына түскен бейнежазбаларды неге өшірткенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

«Салтанатты ұрған сәттер түсіп қалған»: Бишімбаев бейнежазбаларды неге жойғанын айтты

Бұған дейін сот отырысында Бишімбаев Нүкенованың еденге бірнеше рет құлағанын, басын дәретханадағы унитазға соғып алғанын айтқан еді.

«Бейнекамераларға түскен жазбаларды жоюды сұрадым. Бірақ бұны кісі өлімін жасыру үшін жасаған жоқпын. Ол кезде Салтанат тірі еді. Өздеріңіз білесіздер, қазір телеграмм-арналар өте белсенді. Кез келген күзетші бұл материалдарды көшіріп, басқаларға жібере алады. Біз көшеде тұрып, әңгемелесіп тұрғанымыз бейнежазбаға түсірілген. Оны ұрып-соққан сәттер де жазбаларда бар», деді айыпталушы.

Экс-министр бүгінде кез келген ақпаратты сатуға және сатып алуға болатынын айтты. Оның пайымынша, мейрамхана күзетшілері де видеоны сатып жіберуі мүмкін еді.

«Түскі асқа жақын уақыт еді. Салтанат ұйықтап жатқан. Сондықтан бейнежазбалардың барлығын өшіруді өтіндім», деп қосты Қуандық Бишімбаев.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті