Жәдігер • 03 Сәуір, 2024

Ер-тоқым мен топатай

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ер-тоқым мен топатай Шет ауданындағы музей сөресінде тұр. Дәуір тарихы, этнографиясы, тарихи жәдігерлер жинақталған музейдегі қос бұйым көнеден келе жатыр.

Ер-тоқым мен топатай

Көшпелі қазақ тарихында ер-тоқым қашаннан құнды. Бұл тарихи жәдігердің иесі – Орд­жоникидзе атындағы ұжымшарды ұйымдастырушы, 1937 жылғы ре­прессияның құрбаны болған Әйеш Кө­бенұлы. Бұл кісі 1989 жылы ақталады. Ердің үсті қоңыр түсті былғарымен қапталған. Ал­дыңғы қасы оюланып, кү­містелген. Ағаш және темір ма­триалдарын қолданған. Тарихи жәдігерді 2007 жылы музей қо­рына ауыл тұрғыны Әйеш Ға­бидолла тап­сыр­ған екен.

апр

Музей сөре­сіндегі тағы бір көне бұйым – топатай. Топатай – ай­наласы қа­лың, ағаштан иіп жа­салған сүт немесе су құя­тын шұңғыл ыдыс. Ішіне құ­йылған сусын­ның ұзақ және био­логиялық құрылымның сақ­та­луына әсері мол. Бұл ыдысты ауыл тұрғыны, қазақ кү­ресінен бірнеше дүркін түйе балуан атан­ған Самал Ай­натаев тапсырыпты.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы