Ауа райы • 04 Сәуір, 2024

Найзағай ойнап, дауыл соғады: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

950 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 сәуірде елдің бірнеше өңірінде тұман түсетінін және найзағай ойнап, дауыл соғатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай ойнап, дауыл соғады: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысынның солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай ойнап, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Ал оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.