Төтенше жағдай • 04 Сәуір, 2024

Астанадағы балаларды оңалту орталығы өртеніп, науқас жеткіншектер шұғыл көшірілді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы ұлттық балаларды оңалту орталығы ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы балаларды оңалту орталығы өртеніп, науқас жеткіншектер шұғыл көшірілді

Елордалық ТЖД мәліметінше, 3 сәуір сағат 19:58-де ұлттық балаларды оңалту орталығының трансформаторлық қосалқы стансасының жертөлесінде электр кабелі жанған.

Одан шыққан оттың бетін қайтаруға ұнтақты өрт сөндіргіш қолданылды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында сағат 21:13-те жалын оқшауланып, 21:20-да сөндірілді.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымының қысқа тұйықталуы.

Медицина мекемесі Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды.

«Астана әкімдігі пациенттерді орналастыруға көмектесті. Жанында анасы бар балалар қаланың қонақ үйлеріне және ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына көшірілген. Астанада тұратын науқастар үйіне жіберілді. Қажет болған жағдайда қала стационарларына ауыстырылады. Бүкіл пациенттер медициналық қолдаумен қамтамасыз етіледі» деп жазды жергілікті әкімдіктен.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы шамамен 4-5 сәуірде жұмысын қайта бастайды.