Білім • 05 Сәуір, 2024

Жұмысқа қабылдау жүйесі өзгерді

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі авто­мат­тандырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Жұмысқа қабылдау жүйесі өзгерді

Фото: ашық дереккөзден

1 сәуірден бастап Ұлттық бі­лім беру деректер қорында пе­да­­гог­терді мектепке жұмысқа қа­был­дау бойынша жаңа модуль іске қосылды. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және кон­курстық рәсімдерді ашық өткізу бағы­тында қабылданған. Сон­дай-ақ педагогтерді аттестаттауда құ­­жат­­тарды тапсыру бойынша да авто­маттандыру енгізіліп жатыр. Енді педагогтердің бар­­лық мәліметі «Педагог портфолио­сы» модулінде жинақталады. Мұн­да педагог туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылық, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар жөнінде электронды ақпарат сақталады.

Бұл жөнінде Оқу-ағарту ми­нис­тр­лігіне қарасты Цифрлан­ды­ру депар­таменті директорының орын­­басары Майра Маралбаева: «Ашық­тық пен есептіліктің болуы сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес­те басты рөл атқарады. Осы модульдерді енгізе отырып, педа­гог­терді жұмысқа қабылдау кезін­де қағаз жүзіндегі құжат айналымын және сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерін толық жою жоспарланып отыр. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды», деді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл модуль Шымкент қала­сында, Қарағанды облысының Шах­тинск қаласында сынақтан өтті. Сондай-ақ жұмыс іздеу және қажетті пер­­соналды таңдау бо­йынша елі­міздің басқа өңірлерінде де ашықтық орнату үшін Ұлттық білім беру деректер қорының «Электронды еңбек биржасы» платформасымен өзара интеграциясы жоспарланған.