Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Қостанай облысында полицейлер 90-нан астам адамды эвакуациялады

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының полицейлері құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында полицейлер 90-нан астам адамды эвакуациялады

Фото: Polisia.kz

Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шыққан.

Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.

Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.