Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Жем өзеніндегі жасанды бөгеттер бұзылып жатыр

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмыстары жүріп жатыр.

Жем өзеніндегі жасанды бөгеттер бұзылып жатыр

Жылыой ауданының орталығы – Құлсарының тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандары су ортасында тұр. Моноқалаға тасқын су Жем өзенінен келді.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жем өзенінен елді мекендерге  төнетін қауіпті сейілту үшін бөгеттерді бұзу қолға алынған.

«Жылыой ауданының аумағында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген шаруа қожалығы суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеген. Жасанды бөгеттер тұрғызылған. Бұл Жем өзенінің өз арнасымен ағып кетуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Сол себептен бітелген сағаларды ашу үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынды», деп хабарлады Қайрат Нұртаев.