Қоғам • 07 Сәуір, 2024

Маңғыстаудағы білім беру ұйымдары Атыраудан эвакуацияланған білім алушыларды қолдауға дайын

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының білім басқармасы өңірге эвакуацияланған  мектеп, колледж жасындағы білім алушыларды онлайн оқытумен, психологтардың көмегімен қолдауға дайын екенін мәлім етті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстаудағы білім беру ұйымдары Атыраудан эвакуацияланған білім алушыларды қолдауға дайын

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Тиісті басқарма мәліметінше, Атырау облысының Жылыой ауданының тұрғындарына қолдау-көмек көрсету мақсатында білім саласының барлық қызметкерлері жұмылдырылды. Атап айтқанда, Атырау облысының білім басқармасынан білім беру ұйымдары мен оқушы саны алынды. Эвакуацияланған тұрғындар үшін 130 мектеп пен 7 колледждің спорт залдары, 5 студенттік жатақхана мен 3 интернаттан 20 000 адамға орын дайындалып, қабылдау пункттерінің геолокациялары таратылған. Әр аудан/қала бойынша жауапты мамандар бекітілген. Оқушылар үшін қосымша онлайн оқу мен үйірмелер мүмкіндігі қарастырылып, қауіпсіздік шаралары үшін педагогтердің кезекшілігі ұйымдастырылды. ⁠Құзырлы органдармен байланыс орнатылып, арнайы «Атырауға көмек» чаты ашылды. Облыс мұғалімдері бір күндік еңбекақыларын су тасқынынан зардап шеккен облыстардың тұрғындарына көмекке аударайық деген ұсыныстары қолдау тапты.

Бейнеу бойынша 19 білім беру ұйымында эвакуацияланған адамдарды қабылдау пункттері ашылды. Барлық білім беру ұйымдарында мектеп кәсіпкерлері мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен таңғы, түскі астары берілді және жылы киім, қажетті заттар жеткізілді. Ауыл тұрғындары мен мұғалімдер үйлеріне отбасыларды алып, барлық жағдайларын қарастырып отыр. «Ұшқын» жас мамандар мектебінің мүшелері ауданға келген көмектерді тиісті мекенжайларға жеткізіп таратып жатыр.

Мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалардың көңілін аулау мақсатында әртүрлі тренингтер, сұхбаттар, балалар үшін ойындар жүргізіліп отыр. Мектептердің акт залдарында балаларға арналып қойылған кинолар жалғасады.

Әр аудан/қалаға келіп орналасқан балаларыңыз туралы ақпаратпен (аты-жөні, сыныбы, мамандығы мен курсы, оқу тілі, орналасқан мекен-жайы, байланыс тел.) келесі жауапты мамандарға байланысу сұралады:

Оқушылар тізімін жасақтауға жауапты мамандар:

Ақтау қаласы бойынша: Күлпән Мирова  8 701 121 55 05,  Дәмеш Садықова  8 701 400 77 85

Жаңаөзен қаласы бойынша: Айнұр Нысанова   8 777 956 9675, Қосдәулет Джамалов 8 708 979 53 78

Қарақия ауданы бойынша: Талғат Ермеков 8 775 725 62 82

Мұнайлы ауданы бойынша: Рахат Жасақова 8 778 169 38 74, Рита Текеева 8 775 527 61 11

Бейнеу ауданы бойынша: Камшат Дәулетбаева 8 702 292 85 95,  Махмут Турумов 8 705 880 64 62

Түпқараған ауданы бойынша: Роза Оразатова 8 702 397 88 74

Маңғыстау ауданы бойынша: Жұлдыз Байтұрғанова 8 775 141 02 21

Колледж жатақханаларына орналастыру және студенттердің тізімін жасақтауға жауапты мамандар:

Ақтау қаласы бойынша: Құралай Жарылғасова 8 775 387 53 58,Мәзілбек Утебаев 8 775 669 69 69

Жаңаөзен қаласы бойынша: Далабай Бекмағанбетов 8 778 202 53 33

Бейнеу ауданы бойынша:  Нұрбол Бурин 8 777 703 53 33

Маңғыстау ауданы бойынша: Атабай Ержанов 8 778 591 41 79

Қарақия ауданы  бойынша: Айнұр Сабиева 8 701 300 6582