Қазақстан • 09 Сәуір, 2024

«Қазгидромет» тәулік бойы жұмыс режиміне көшті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 8 сәуірден бастап су тасқыны қаупінің жоғары болуына байланысты Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің гидрологиялық және ілеспе департаменттері тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» тәулік бойы жұмыс режиміне көшті

Фото: gov.kz

«Қазгидрометтің» барлық жердегі бақылау желісіндегі бақылаушылар, синоптиктер мен гидрологтар 24/7 кесте бойынша тұрақты негізде жұмыс істеді, енді оларға кәсіпорынның басшылығы, болжамды және ақпараттық қызметтері қосылды.

«Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан барлық 15 филиалдан келіп түсетін ақпаратты өңдеу және талдау қазір тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қазір Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқыны қаупі әлі де сақталып отыр. Су объектілерін бақылау жылдам режимге ауыстырылды, нақты деректер үнемі өңделеді. Барлық дайын ақпарат мемлекеттік және жергілікті органдарға тәулік бойы келіп түседі», делінген хабарламада.

ор

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20