Қазақстан • 09 Сәуір, 2024

Петропавл қаласын су басуы мүмкін

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қала тұрғындарына кезекті үндеу жасады. Облыс орталығына алдағы екі күнде  үлкен  су басуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл қаласын су басуы мүмкін

Фото:ТЖМ

Қала басшысы су басу аймағында орналасқан елді мекендер мен саяжай иелеріне шұғыл көшу туралы тағы да үндеу жасады. С.Мұхамедиев қазіргі ахуал 2017 жылғы тасқыннан да ауқымды екенін, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, Заречный кентінің қауіпті аймақта орналасқаны алаңдатып тұрғанын айтты.

«Заречный ауылы ерекше қауіпті аймақта тұр. 2017 жылы 132 үй мен жүздеген саяжай су астында қалды. Сергеев су қоймасының төбесінен асып кету сол кезде 338 см болғанына қарамастан, бүгінгі жағдай көңіл көншітпейді. Су 425 см-ге жетіп, су деңгейі көтеріліп жатыр. Ірі судың бірінші толқыны Заречный ауылына батыс жақтан құйма көліндегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде келеді.  2020 жылы мұнда биіктігі 2,8 м жағалау орнатылды, ол бүгінгі күнге дейін ауылдың шығыс бөлігін қорғап келді, бұл Заречныйды жыл сайынғы су тасқынынан қорғауға жеткілікті болды. Қазір жағалауды 4,5 метрге дейін нығайтып жатырмыз. Барлық қызметтер, еріктілер және қарапайым тұрғындар жұмылдырылған. Біз оны бұдан да жоғары тұрғыза алмаймыз. Заречный өзенінің жайылмасында орналасқан. Алда қиын қауіп-қатерге  дайындалу керек дегенді білдіреді», деді Петропавл әкімі.

Есіл өзенінің ең төменгі жерінде жүздеген саяжай бар. Қала әкімі өз саяжайларында  тұратын адамдарды эвакуациялау міндетті емес екенін айтты.

«Тұрғындардың кейбірі саяжай мен тұрғын үйлерін тастап кеткісі келмейді. Әрине, жылдар бойы жиналған мүлікті қалдыру қиын екенін түсінемін. Бірақ қазір сіздердің амандықтарыңыз бірінші орында! Су үйіңізге келгенше күтпеңіз! Біз қазір әрекет етуіміз керек! Тұрғындардың наразылығын көріп, пікірлеріңізді оқып отырмын. Бірақ табиғи апаттарды тоқтата алмай отырмыз. Тағы да қайталаймын, бірде-бір тұрғын мен оның мүлкі назардан тыс қалмайды. Қала әкімі ретінде қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», деді С.Мұхамедиев.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті