Фото: sn.kz
Республика бойынша жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.