Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Атырауда 7 мың ерікті су тасқынымен күресіп жүр

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 7 мың ерікті су тасқынымен күресіп жүр

Фото: Атырау облысыны полиция департаменті

«Жағалауды қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында барлық жол-құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Ірі мұнай компанияларымен де келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде Атырау қаласы 107 учаскеге бөлініп, бір ғана қаланың өзінде 673-ке жуық арнайы техника мен 7 мыңға жуық ерікті жұмыс істеп жүр. Соңғы үш күнде 42 шақырым жағалауды қорғау бөгеттері мен 350 мыңнан астам қап төселді», деді Руслан Жұмағазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Руслан Жұмағазиевтың айтуынша, мұндай  жұмыстар Индер ауданында да жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейі 4,39 метрді құрап, жағалауды бекіту жұмыстарына 74 бірлік техника мен 610 жұмысшы жұмылдырылған.

Сондай-ақ Махамбет ауданында 37 шақырым бөгет нығайтылып, 12,8 шақырым бөгет қайта салынды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті