Фото: baq.kz
Болжам бойынша, ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.
«11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республиканың басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар байқалмайтыны қоса хабарланды. Тек елдің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді.