Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

«Huawei» компаниясы салаланып келеді

64 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемге әйгілі «Huawei» компаниясы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орталығын ашты. Бұл жетісулық жастардың білімін шыңдап, телекоммуникация саласындағы жаңа ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Huawei» компаниясы салаланып келеді

Аталған білім ордасын­да студенттерге Ғали Орманов кітап­хана­сынан жаңа құрылғылармен жаб­дықталған үлкен бөлме қол­да­нысқа берілді. Салтанатты жиын­ға оқытушылар мен білімгер және «Huawei» компаниясының өкіл­дері қатысты. Әуелі ЖУ-дің ректоры Ермек Бөрібаев пен «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясы бас директорының орынбасары Xu Hai білім ошағы мен компания арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қойып, алдағы атқарылар жоба­­ларға баға берді.

Меморандум аясында екі та­рап бірлесіп, IT және телеком­му­никация саласында жоғары бі­лікті мамандарды даярлай­ды. Сондай-ақ бірлескен білім бағ­дарламаларын әзір­леп, ғылы­ми зерттеулер жүр­гі­з­уге уағ­да­лас­ты. Оған қоса ин­но­ва­ция­лық өнім­дер жасау көзделген.

«Студенттер үшін қазір мүм­кін­дік көп. Олар кішкентай ғана тере­зеден білімнің қайнар көзін тауып, соны тиімді пайдалана алулары тиіс. Олардың білім алуына біз барлық жағдайды жасаймыз. Түр­лі технологияны пайдаланып, өз білімдерін шыңдау керек. Білім­де шекара жоқ. Жастар осы мүм­кін­дікті орнымен пайдаланса, жетіс­тікке жететіні анық», дейді Xu Hai.

«Huawei» орталығы заманауи телекоммуникациялық құ­рыл­­­ғыларымен және бағдар­ла­­м­а­­лық өнімдерімен толық қам­­тылған. Ака­демияда Жетісу уни­­вер­­ситетінің студенттері, IT сала­сы­ның мамандары ақпа­рат­­тық тех­но­логиялар мен теле­ком­му­ни­ка­ция бойынша білім алып, білік­ті­лі­гін арттырады.

«Бүгін бір үлкен жаңалықтың куә­гері болып отырсыздар. «Huawei» компаниясының қол­дауы­мен үлкен академия ашы­лып жатыр. Бұл оқу ордасы білім­гер­лерінің сандық білім­де­рін дамытуға бағытталған. Осы ака­де­мия облыстың өркендеуіне жақ­сы жаңалықтар алып келеді деп ой­лаймыз. Мұнда сабақ бере­тін мұға­лімдер академияның база­сын­да толық оқудан өтті, енді алған білімдерін студенттер­ге үй­ретуге дайын. Біз «Huawei» ком­­паниясымен әлі де бірлесіп жұмыс істеп, орталықты да­мы­туға күш саламыз», деді университет ректоры Е.Бөрібаев.

Енді университет оқыту­шы­лары мен студенттері «Huawei» компаниясының бөлім­­дерінде тағылымдамадан, өнді­ріс­тік және ғылыми зерттеу тәжі­ри­белерінен өте алады.

 

Жетісу облысы