Фото: Елена Бережная
Облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, ер адамның жоғалғаны туралы 102 арнасына хабарланған.
«Жылыой ауданы полиция бөліміне 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шығып, бір күннен бері хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында әуе дронын пайдаланды. Бүгін, 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта су тасқынынан пайда болған аралдан 49 жастағы ер адам табылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, туысқандарымен қауышты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.