Фото: ашық дереккөз
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 13 сәуірде болған.
«Сағат 17:10 шамасында Атыраудан Ресей Федерациясының Астрахань облысы бағытына қатынайтын жолдың 821-шақырымы тұсында жол апаты тіркелді. Жеңіл көліктің рульінде 1994 жылғы жүргізуші болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктегі жүргізуші мен 2 жолаушы оқиға орнында мерт болды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.