Фото: gov.kz
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Батыс Қазақстан облысының аумағында, Атырау облысының аумағында су тасқынының екінші толқынының жүру қаупі бар.
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңдары өтіп жатыр, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда», деді А. Ісмағұлова.