Аймақтар • 14 Сәуір, 2024

Алматыда жол талғамайтын көлікпен екі мопед соғысты, адам шығыны бар

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол апаты 13 сәуір күні сағат 19:20 шамасында Төле би мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жол талғамайтын көлікпен екі мопед соғысты, адам шығыны бар

Алматыда жол талғамайтын көлікпен екі мопед соқтығысып, бір адам көз жұмдыФото: бейнеден

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Алдын ала мәлімет бойынша, мопедтердің бірі көше қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамастан шығып кеткен. Салдарынан 2003 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.