фото: ҚР ТЖМ
«Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының Большая малышка ауылында құтқарушылар 894 жергілікті тұрғынды эвакуациялады, оның 112-сі балалар, эвакуацияланғандар уақытша эвакуациялау пункттері мен Пеньково ауылындағы туыстарының қасында», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыста 1713 үй мен оған жақын орналасқан 1115 аумақ су астында қалып отыр. Петропавлда Хромзавод және Подгора шағын аудандарында 1050 үйді су басқан. 4552 адам эвакуацияланды, оның ішінде 957 бала бар.
Өңірдегі су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, Сергеев су қоймасы 153 пайызға толып, бөгет төбесінен асып кету 2 метр 83 сантиметрді құраса, төмендеу тәулігіне 20 сантиметрді құрап отыр.