Елорда • 15 Сәуір, 2024

Астананы су басу қаупі бар ма? ТЖД жауап берді

927 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Астана аумағында орналасқан Есіл өзенінің өлшеу стансаларында судың орташа деңгейі 615 сантиметрді құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Астананы су басу қаупі бар ма? ТЖД жауап берді

Фото: inbusiness.kz

«Бұл көрсеткіш су қоймасының жағалық бөлігіндегі су деңгейінің шамалы көтерілгенін білдіреді, су деңгейінің аздап көтерілуі температуралық фонның жоғарылауымен, су тасқыны кезеңінің басталуымен және мұздың ерігенімен байланысты», деп хабарлады Астана ТЖД.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазірдің өзінде Есіл өзенінің арнасында еріген қар мен мұздың азаюы байқалады.

«Осыған байланысты жақын арада бұл су қоймасындағы су деңгейі төмендейді деп күтіледі, Астанада су тасқыны жағдайы тұрақты, елордада тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басып кету қаупі жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.