Таным • 16 Сәуір, 2024

Жазу үшін күш-жігер керек

93 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл – Тамил Надудағы Мадрас университетінде түнде оқитын үнді студенті. 1905 жыл. Студенттер түнде сабақ оқып отырғанда ұйықтап қалмас үшін шашын қабырғадағы шегеге байлап қоятын болған. Жалпы, бұл дәстүрлі әдіс екен. Қытай халқы оны екі мың жыл бойы қолданып келеді. Бұл әдіс туралы ең алғаш I ғасырда Хань шежіре кітабында жазылған.

Жазу үшін күш-жігер керек

Әлемде талай қызық бар деген осы емес пе? Әйтпесе қал­ғып-мүлгіп отыр­ған адам­­ның миына оқу кіре ме деуіңіз мүм­кін.

Иә, аталған қызықты әдістің түпкі әрі жанама мағынасы – өзіңді отырғызу. Яғни сол іске уақытыңды арнау, жан-тә­ніңмен, санаңмен берілу, еңбек ету, қажыр-қайратыңды жұмсау. Өмірде бір анық ереже болса, ол – бәрі еңбекпен келеді. Кез келген іске барыңды салмасаң, үл­кен нәтижеге жету қиын. Десек те күндіз-түні жазумен отырып, том-том ең­бек қалдырса да бір де бір марапат, ата­ғы жоқ елеусіз тұлғалар бар. Әділет­сіз­дік деген де өмірдің бір анық ережесі бо­лып тұрғаны ғой. Бұл енді бөлек әң­гіме.

Жалпы, шығармашылық адамдарына жалқаулық ортақ. Қаншама та­лантты жандар жазу үстеліне көп отыр­мағандығының кесірінен кең сарынды дүниелер жаза алмай кетті. Қазақ әде­биетінде де мысалы жетерлік. Қара­пайым өзімізде де ма­қала жазуға ері­нетін, бастаған дүниені аяғына жеткенше созып, компьютерге жүз оты­рып, жүз тұратын кездер болады. Осындайда шашын байлап қойып, жазу үстелінен тырп етіп тұра алмайтын әлгі әдіс­тің игілігін еріксіз мойындайсың. Осы орайд­а бір ғалымның: «Жазу үшін жамбас керек» дегені есіме түсіп отыр.