фото: tengrinews.kz
«2002 жылы туған мопед жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, алдын ала белгіленбеген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан 52 және 57 жастағы екі әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр», деп хабарлады қалалық полиция өкілдері.