Фото. senate.parlam.kz
Заңның міндеті – екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту.
Құжатта Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі тараптың құзыретті мекемелеріне басымдық беру көзделген.
Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.