Оқиға • 19 Сәуір, 2024

«Көлікте жүрегі ұстап қалған». Полицейлер Орал тұрғынын құтқарып қалды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізу кезінде жүрегі ұстап қалған әйел адамды ауруханаға жеткізді. Оқиға 18 сәуір күні болған, деп жазады Egemen.kz.

«Көлікте жүрегі ұстап қалған». Полицейлер Орал тұрғынын құтқарып қалды

Фото: azh.kz

Деркөл ауылындағы Окружное шоссе көшесінің бойында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция капитаны Нариман Расул мен полиция аға лейтенанты Бақдәулет Кәрімов көлік есігін ашып, көмекке шақырған әйел адамды байқаған.

оо

Пагондағылар көлікке жақындап, мән-жайды сұрағанда келіншек кеуде тұсының ауырып тұрғанын айтып, ауруханаға жеткізуді өтінген.

Тәртіп сақшылары лезде көмек көрсетіп, денсаулығына шағымданған әйелді ауруханаға жеткізді.

Өңірдегі Полиция бөлімінің баспасөз қызметі қазір науқастың денсаулығы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында екенін мәлімдеді.