Аймақтар • 19 Сәуір, 2024

Тасқынның екінші кезеңі: ШҚО-да дайындық қыза түсті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары, атап айтқанда Риддер қаласы, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубоковский, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасқынның екінші кезеңі: ШҚО-да дайындық қыза түсті

Фото: gov.kz

gov.kz

Ахуалды қадағалау мақсатында «Өскемен-Алтай-КатонҚарағай» бағыты бойынша облыстық ТЖД бастығы Ерғали Бахаевтың, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен кезекті ұшу жүргізілді, аталған жұмыс нәтижесі Сарымсақты тауының оңтүстік бөктері таза екенін көрсетті.

Зубовск және Малеевск кенттерінде комиссия мүшелері өзенде жүргізілген жағалауды нығайту жұмыстарын қарап шықты. Гидробекетте судың деңгейі өлшенді.

Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта облыста қар жабындысы 44%-ды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар каналдарды, арықтарды, көпірлерді тазарту бойынша жоспарланған жұмыстарды толық көлемде жүргізді.

Жағалауды нығайту және түбін тереңдету, бөгеттерді өсіру, қаптарды салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аталған облыста жедел штаб жұмыс істейді, барлық қызметтің жұмысы үйлестіріліп жатыр. Күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді.