Көрме • 20 Сәуір, 2024

Саха сарқыттары

199 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Саха (Якутия) Республикасының мәдени күндері аясында Ұлттық музейде «Якутия қазынасы» көрмесі ашылды. Саха халқының қолданбалы өнерін насихаттап, мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеген іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Саха сарқыттары

Көрменің салтанатты ашылуы­на Қазақстанның Мәде­ниет және ақпарат вице-ми­нистрі Евгений Кочетов пен Саха Рес­пуб­лика­сы­ның Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноев қатысты.

Экспозиция «Саха Республикасының кестеленген картасы», «Еуразия халық­тарының мәдениетіндегі жылқы культі», «Якутияның қазына қоры» және «Якутия­ның ұсталық өнері» атты төрт бөлімнен тұрады. Жалпы саны 130-ға жуық сәндік-қолданбалы өнер үлгісі, сонымен қатар зергерлік бұйымдар мен бағалы тастар қойылып отыр. Одан бөлек көрмеге келушілер Якутияның сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарын тамашалап, асыл тастармен көмкерілген сирек материалдардан жасалған дәстүрлі пышақтардың алуан түрімен таныса алады.

сми

Саха Республикасының кестеленген картасында елдің экономикалық дамуының негізгі нысандары, халық­тың көпұлтты құрамы, дәстүрлі өмір сүру салты бейнеленген. Ал сәндік-қолданбалы өнерге арналған бөлігінде тұрмыстық қажеттіліктер мен аң аулауға арналған дәстүрлі якут пышақтары, музыкалық аспаптар, мамонт азуы мен асыл тастармен көмкерілген сирек материалдардан жасалған кәдесый өнімдері және шеберлердің басқа да эксклюзивті, авторлық жұмыстары ұсынылған.

Көрмедегі басты экспонат – «Гауһар тас­тардың жарқырауы» деп аталатын күміс табаққа 2 мыңнан астам гауһар­тас­тың шашыранды кендері салынған ком­позиция.

Сондай-ақ келушілер саха халқының ұлттық киім үлгілерінен дефиле тамашалап, дәстүрлі әншілер өнер көрсетті.

«Мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді сақтау үшін біз тамырымызға жүгінеміз. Бұл – ұлттық кодымыз, халықты түсіну­дің кілті. Сондықтан Қазақстандағы Якутияның мәдени күндері аясында көрме­мен қатар, якут фильмдерінің көр­се­тілімі, Олонхо театрының қойы­лым­дары, «Виртуоздар» скрипка ансам­блі­нің концерттері сияқты бірқатар шара жоспарланған. Мұның бәрі бір-бірімізді жақынырақ тануға, бауырлас халықтың мәдениетін түсінуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Көрме 2 мамырға дейін жалғасады. Экспозицияны Ұлттық музейдің 6-қабатында орналасқан Уақытша көрме өткізу залында тамашалауға болады.

Айта кетейік, елімізде Саха Респуб­ли­касының мәдени күндеріне арналған іс-шаралар Астана мен Алматы қала­ларында өтеді.

Атап айтсақ, Қалибек Қуанышбаев атын­­дағы мемлекеттік ұлттық қазақ музы­­калық драма театрының Каме­ра­лық за­лын­да «Якутия виртуоздары» скрип­кашы­лар ансамблінің концерті, «Ньургун Боо­тур» Олонхо операсы, М.Горький атын­да­ғы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі қойылады.

Алматының мемлекеттік театр залдарында концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылады. Атап айтсақ, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде бірқатар мәдени-рухани іс-шара өтеді. 21 сәуірде Якутия халықтарының музыкасы және фольклоры музейі қорынан жасақталған «Ғасырлар үні» жылжымалы көрмесі ашы­лып, СР Халық шебері, Якутияның «Кыл Саха» этностық музыка ансам­блі­нің солисі Руслан Габышевпен арт-кездесу болады.

Ал 22 сәуірде якут ертегілерінің желісі бойынша қысқа­метрлі мульти­пли­ка­циялық фильм­дер, «Нюргун боотур стремитель­ный» толықметрлі мульти­пли­­ка­ция­лық фильмі көрсетіледі. Одан бөлек СР еңбек сіңірген әртістері, «Кыл Саха» этностық музыка ансамблінің және С.Зверев-Кыыл Уола атындағы СР Ұлттық би театры ұлттық аспап­тар оркестрінің солистері Анна және Афанасий Томскийлермен арт-кездесу, «Көшпелі музей» деректі филь­мінің көрсетілімі, «Кыл Саха» этнотобының концерті жоспарланып отыр.