06 Қаңтар, 2015

Санкцияны алып тастауды ұсынды

282 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Шарайна Франция президенті Франсуа Олланд Украинадағы дағдарысты шешуге қол жеткізілген жағдайда, Ресейге қарсы енгізілген халықаралық санкцияларды алып тастауды ұсынды. Шар-1«Франс-пресс» ақпарат агент­тігінің хабарлауынша, президент «қол жеткізілмеген жағдайда санкция өз күшінде қалады» деп ескертіпті. Франсуа Олланд, сондай-ақ, Астанадағы кездесуде Донбасстағы жанжалды тоқтатудың жолдарын іздестіруде жаңа ілгерілеушілікке жетуге болатынына үмітті екенін де білдірген. «Мен 15 қаңтарда Астанаға бір ғана жағдаймен – біздер жаңа ілгерілеушілікке қол жеткізетін боламыз деп барамын. Және мен солай болады деп ойлаймын», – депті Франция президенті. Қаржыдан қағылу оңай емес Қытай полициясы ұжымдасқан түрде өздерін өздері өлтірмек болған 12 адамды райынан қайтарды. Олар мұндай қадамға венчурлық қорға инвестор ретінде салған қаржыларынан қағылып қалған соң барған. Жергілікті басылымдардың жазуынша, амалы таусылған он екі адам бірігіп, Шочжоу қаласындағы алты қабатты әкімшілік ғимаратының төбесіне шығып, одан секіреміз деп қорқытқан. Әрі олар қашып кеткен қор басшысының алаяқтық жасаған ісіне араласуды талап еткен. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, компанияның үш өкілі күдікті ретінде қамауға алыныпты. Ал қордың басшысы іздестірілуде екен. Қырыққа жуық адамды ұрлап кетті Нигерияда содырлар 40-қа жуық адамды ұрлап кетті. Олардың көпшілігі жас жігіттер мен жасөспірім балалар. Шар-3Жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері бұл қыл­мысты «Боко харам» экстре­мистік ұйымы жүзеге асырғанын айтады. Куәгерлердің айтуынша, мұздай қаруланған содырлар Малари деревнясына басып кіріп, тұрғындарға берілген бұйрықты мүлтіксіз орындауды талап еткен. Қазіргі кезде бұл елді мекенде бірде-бір жас қалмаған көрінеді. Ал өткен жылы аталған экстремистік ұйымның ұрлаған адамдары жүздеп саналады. Қысқа қайырып айтқанда: *Кеше Ленинград облысының аумағында жол-көлік апаты салдарынан бес жолаушы мен бір такси жүргізуші қаза тапты. Қайғылы жағдай Санкт-Петербург – Псков аралығындағы күре жолда орын алды. *Бельгияның әділет министрлігінің комиссиясы өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген Франк Ван Ден Бликенді улы дәрі егу арқылы өлтірудің датасын атады. Бұл 11 қаңтарда Брюггедегі түрменің клиникасында жүзеге асырылады. *Иеменнің оңтүстік-батысындағы Дамар қаласында өтіп жатқан шииттердің жиынында жарылғыш құрал іске қосылып, алты адамның өмірін қиды. Оның біреуі – журналист. Ауа райының қолайсыздығынан Канаданың Квебек провинциясында 135 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Метеорология қызметінің мәліметіне қарағанда, елдің бірқатар провинциясында қалың қар жауып, аяз күшейе түседі. Оппозицияның жаңа басшысы сайланды Сирияның ұлттық оппозициялық және революциялық күштері коалициясы өздерінің жаңа жетекшісі етіп Халед Ходжаны сайлады. Ол 56 дауыс жинаған. Ал Хишам Маруах вице-президент тізгінін ұстаған. Шар-5«Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, коалицияның қазіргі басшысы Хади әл-Бахра қайта сайлануға өз кандидатурасын ұсынудан бас тартыпты. Кейбір дерек көздері Сириядағы қақтығыстарды талқылау мәселесі ресейліктер ұсынған пішінде өткені жөн екендігін айтады. Бұл ұсынысқа сириялық коалиция өкілдері де келіскен сияқты. Келіссөз қай күні өтетіні қазірге белгісіз. Мерзімінен бұрын түрмеден босатылды Тайванның бұрынғы президенті Чэнь Шуйбянь денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты түрмеден мерзімінен бұрын босатылды. Бұл жөнінде елдің әділет министрлігі хабарлады. Алпыс төрт жастағы Чэнь Шуйбянь сыбайлас жемқорлыққа салынғаны үшін 20 жыл мерзімге сотталған болатын. Ол түрмеде алты жыл отырды. Экс-президент Ч.Шуйбянь 2008 жылы қамауға алынып, жүргізілген тергеу барысында оның 15 миллион долларды құрайтын қаржыны жылыстатқаны анықталыпты. Сотта ол өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс елдің қазіргі президенті Ма Инцзюдің нұсқауымен жасалғанын айтқан екен. Шуйбянь билікте 2000-2008 жылдары аралығында болды. Жыл басындағы алғашқы жарылыс Пәкістанда футбол ойыны кезіндегі жарылыстан бес адам мерт болып, он бір адам жарақат алды. Қаза тапқандардың үшеуі – ойыншы. Шар-6Билік өкілдерінің мәлі­метінше, жарылғыш зат Калая қаласындағы стадионда футболдан жарыс өтіп жатқан кезде іске қосылған. Қазірге бұл террорлық әрекетті ешқандай ұйым өз жауапкершілігіне алған жоқ. Елдің премьер-министрі Наваз Шариф осы оқиғаны биылғы жылғы алғашқы аса ірі террорлық әрекет деп мәлімдеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.