фото: pexels
Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек апта басында ғана антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша екпінді жел, бұршақ күтіледі.
«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында арктикалық ауа массаларының басып кіруі әсерінен ауа температурасының түнде 1-8 градус аязға дейін, күндіз 3-13 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Орталықта түнде 0-5 градус аяз, күндіз 5-15 градус жылы болады», делінген хабарламада.