Аймақтар • 22 Сәуір, 2024

Су тасқыны: СҚО-да жағдай әлі де күрделі

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 169%-ға толып, су бөгет шыңынан 3 метр 60 см асты. Тәулік ішінде 3 см төмендеген. Ал Есіл ауданында тасқынның екінші толқыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Су тасқыны: СҚО-да жағдай әлі де күрделі

Фото: ОКҚ

«Үйлерді су басудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Бірінші толқынның суы кетіп жатыр, «Қазгидромет» мамандарының болжамына сәйкес, екінші толқында бұдан артық су келмейді. Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр», деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында