Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Полиция қызметкері қызды ажалдан құтқарды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкері рөлде отырған қызды ажалдан құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz

Полиция қызметкері қызды ажалдан құтқарды

Жуырда учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Нұрбек Қайыров қалалық полиция басқармасына келе жатып, К.Сүтішев пен М.Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның жасыл түсі жанғанына қарамай тұрып қалған «Mitsubishi» көлігін байқайды. Полицей көлікке жақындаған кезде рөлде отырған қыздың эпилептикалық ауру белгілеріне ұшырағанын көреді. Осындай жағдайда машина жүріп кеткен болса қыз не өзін, не біреуді мерт қылары сөзсіз еді. Соны бірден аңғарған Нұрбек машина есігін ашып, бірден қыздың қолын рөлден, аяғын газдан айырып, машинаны сөндіреді. Тез арада жедел жәрдем шақырып, қызға медициналық көмек жасатады.

Есін жинаған қыз өзін ажалдан құтқарған полиция қызметкеріне алғыс білдірді.