Кәсіпкер • 23 Сәуір, 2024

Кәсіпкер әйелдер туралы кітап

177 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

NU қабырғасында «Ұлы дала ізашарлары: Қазақ­стан­ның іскер әйелдерінің шабыттандырар сұхбаттары» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Кәсіпкер әйелдер туралы кітап

Жоба авторларының бірі – Шумай­ла Юсафзай

Іс-шарада сөз алған Сауда және интеграция министрінің бі­рін­ші орынбасары Айжан Бижа­нова қазір елімізде әйел­дер­­дің шағын және орта бизнес құ­ры­лымының жартысына жуы­ғын басқарып отырғанын жеткізді.

«Бұл ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар басқарып отырған шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі шамамен 40 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш баяу болса да, жыл санап өсіп келеді. Сондай-ақ бүгінгі өтіп отырған іс-шараның маңызы бөлек. Бұл кітап оқырманды шабыттандырып қана қоймайды, кәсіпкер болуға үйретеді. Кәсіпкерлік қызметтің негізін түсіндіріп, өзіне, өз ісіне деген сеніміңді қалыптастырады. Өзім осы жинақтағы кейіпкерлер тура­лы жазылған оқиғаларды толық оқыдым. Әсіресе мені осы кәсіпкер әйелдердің бойындағы даналық, төзімділік ерекше сүйсінтті», деді А.Бижанова.

Жинақта қарапайым аяқ киім тігуден бастап, жылу энергети­ка­сына дейінгі түрлі салада табысқа жеткен отандық 50 кәсіп­кер әйел­ туралы жазылған. Олар­дың­ қа­та­рында белгілі продюсер, ак­три­­са Баян Мақсатқызы, теле­жүр­­гізуші және блогер Динара Сат­жан және есімдері елге енді та­нылған нәзік жандылар бар. NU кәсіпкерлікті зерттеу орта­лы­ғының (NURCE) мүшелері да­йын­даған кітапта осы кәсіпкер аза­мат­шалардың өз кәсіптерін дамыту­дағы қиындықтары мен жетістік­тері шынайы баяндалған.

ми

Жоба авторлары – Шумай­ла Юсафзай, Нұрлыхан Әлжа­нова және Нұрлан Құлба­тыров. Сондай-ақ NURCE дирек­торының айтуынша, бұл жинақ бизнес­тегі әйел­дердің алдында тұрған проб­­­ле­малар мен кәсіпкерліктің да­муына кері әсерін тигізетін әлеу­меттік кедергілерді жоюды ұсынады.

«Ұлы дала ізашарлары» кіта­бын­да қазақстандық кәсіпкер әйел­дер­­дің сан түрлі кәсіп­пен айналы­са­тыны жазылған. Сондай-ақ олар­дың жаңашыл идеяларға бай көш­бас­­шылық қасиеті де нанымды көр­­­сетіл­ген. Мұнда кәсіпкер нәзік жан­­­­дылардың өз ісін дамыту­да­ғы күш-жіге­рін көріп, эко­но­­­микалық тұр­­­­­ғы­дан өсіп, оң өзгерістерге бас­тау бол­­ғанына оқырманның көзі же­те­­­д­і», дей­ді жинақтың бірлескен ав­то­­­­ры, NU Жоғары бизнес мек­тебінің ассистент-профессоры, NURCE директоры Шумайла Юса­фзай.

Іс-шараға еліміздің әр өңірі­нен­ қ­а­тысушылар келді. Олар кі­тап ке­йіпкерлерінің әңгі­ме­лерін тың­дап, ерекше әсерге бө­ленді. Қанат­танды. Сондай-ақ атал­ған жинақ  Ұлт­тық академиялық кітап­­­ха­на­дан бастап, NURCE және бас­қа да жо­ғары оқу орындары­ның кітап­хана­ларына таратылады. Та­ныс­­ты­ры­лым соңында кітап авторлары келе­шекте ер-азаматтар басым сала­да қызмет істейтін әйелдер тура­лы жаңа кітап жазуға ниетті екендерін жеткізді.