Байқау • 23 Сәуір, 2024

Ерекше оқырманға – аудиоертегі

134 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көру қабілеті бұзылған оқушылар әңгіме, ертегілерді енді аудио­кітап арқылы тыңдай алады. «Ертегілер әлемі» атты облыс­тық аудиоертегі байқауы жүлдегерлерінің аудио­нұсқа­дағы шығармалары таспаға басылып, тарту-таралғы ре­тін­де кәдеге жарайтын болады. Мұнымен қоса, Қарағанды облыс­тық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітап­ха­наның ресми сайтына, «YouTube» әлеуметтік желісіне жүктеледі.

Ерекше оқырманға – аудиоертегі

Мұндай мәдени іс-ша­ра облыстық мә­дениет, архив­тер және құжат­тама басқармасының қол­дауымен алғаш рет өтіп отыр. Облыс­тық деңгейде ұйым­дас­тырыл­са да, 61 қатысу­шыдан өтінім түскен. Ұсынылған аудио­ертегілер арасында қазақ, орыс халқының ертегілері, сондай-ақ авторлық ертегілер бар.

«Көру қабілеті бұзылған бала­ларға арналған «Ертегі­лер әлемі» атты облыстық аудио­ертегілер бай­қауын­да қа­­зы­­­лық еттік. Байқауға келіп түс­­­кен материалдардың бар­­лы­ғын тыңдап, ұйымдас­ты­ру­шы­лар ұсынған байқау өл­шем­деріне сай бағалап шық­тық. Осы жұмысты атқару бары­сында қатысу­шылардың еңбек­қорлығына, жауап­кер­шілігіне, шеберліктеріне сүй­сіндік. Аудио­ертегінің мәті­німен қоса да­уыстарынан тың­дармандар­ға деген ыстық ықылас, ауыз әде­биетіне деген зор сүйіспеншілік байқалып тұрды. Көру қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, ертегі оқуға қойы­латын талаптарды сақтауға тырыс­қан. Қатысушылардың дені жалпы білім беретін мектеп мұға­лімдері мен кітапханашылар болды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына көрермен ретінде Қара­ғанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары келді. Олар бұл байқаудың өздерінің аудиториясына лайықтап ұйымдас­тырылғанына риза­шы­­лықтарын білдірді», дей­ді Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның мүшесі, Бөкетов атын­дағы Қарағанды зерттеу уни­вер­ситетінің аға оқытушысы, қазылар алқасының төрағасы Салтанат Кеңесбекова.

Бұл облыстық байқауға Қара­ған­ды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай, Балқаш, Приозерск қала­ла­ры мен Бұқар жырау, Шет, Оса­ка­ров, Ақтоғай, Нұра аудан­­да­ры­нан көп жұмыс түскен. Қаты­су­шы­лар­дың дені Ақтоғай мен Нұра өңі­рі­нен. Сонымен, «Өнер­дің күші» ат­ты қазақ халық ертегісін аудио­ға ше­бер таспа­ла­ған нұралық кітап­ха­на­шы Гүлі­май Ахметбекова бірін­ші орын алды.

«Байқауға ертегі таңдағанда көп ойландық. Көп оқыла бер­мей­тін, ерекшесін таңдауды жөн санадық. Сөйттік те, таңдауымыз «Өнер­дің күшіне» түсті. Уақытын да ұзар­тып алмау керек болды. Асығыс та оқымау керек. Бастысы, ертегіні тыңдаған баланың жүре­гіне әсер ету, ерекше иіріммен жеткізуді көздедік. Қазылар алқа­­­сы біздің жұмысымызды үз­дік деп танығанына бір қуа­нып, бұл ертегілердің аудио­кітап­қа жинақталатынын естіп екі қуан­дық», дейді байқау жеңім­пазы Гүлімай Ахметбекова.

Ал екінші орынды «Еріншек адам» аудиоертегісімен ақто­ғай­лық Әли Сейдіғали, үшінші орынды Қарағанды қаласынан «Сказки для Софии-Весенный ветерок» («Придумки от Алинки» сериясынан) аудиоертегісімен Наталия Морозова иеленді.

Мұнымен қоса, «Үздік аудио­қойылым» аталымында «Алтын сақа» шығармасы үшін Жаннұр Алиасқарова, «Лучший чтец» аталымында «Бай-музыкант и Алдар-Косе» ертегісі үшін Роман Тен ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Жүлдегерлерге диплом мен қаржылай сыйлық берілді.

Мұндай игілікті іс-шара енді дәс­­түрге айналмақ. Бір қызығ­ы, ұйы­м­­­дастырулар алқасы жұ­мыс­тар­­ды қабылдау кезінде байқауға Батыс Қазақстаннан өтінім түс­ке­нін кезіктіріпті. Мұны ескерген ұйым­­­дастырушылар келер жылы рес­­пуб­­­ликалық деңгейде өткіземіз деп отыр.

 

Қарағанды облысы