Қоғам • 24 Сәуір, 2024

«Далада ұйықтап жатқан». Жетісу облысының тұрғыны әкесін үйден қуып шықты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу ауданы Сарыөзек ауылында ер адам қарт әкесін көшеге қуып жіберген. Бұл туралы полицияға отбасының көршілері хабарлаған, деп жазады Egemen.kz

«Далада ұйықтап жатқан». Жетісу облысының тұрғыны әкесін үйден қуып шықты

Фото: Ашық дереккөзден

Далада ұйықтап жатқан 64 жастағы ер адамды көршілер суретке түсіріп алған. Олардың айтуынша, зейнеткерді оның ұлы мен келіні үйден қуып шыққан.

Жетісу облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері  барғанын хабарлады.

«Ақпаратты Кербұлақ аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторлары тексерді. Аталған отбасы мүшелері бір-біріне ешқандай шағым мен арыз жазбаған», делінген хабарламада.