07 Қаңтар, 2015

Тату-тәтті өмір салты

585 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
000002Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай біл­геніміздің арқасында бүгінгі табыс­тарға жеттік. Ешкімді кем­сіт­­­пей, ешкімнің тілі мен ділін ман­сұқ­тамай, барлық азамат­тарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақ­ты­лықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең бас­ты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», деді. Зайырлы мемлекет пен дін арақатынасы, қазіргі қоғамдағы діннің орны мен рөлі Қазақ елі үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Ата Заңымызда бұл айқын көрініс тапты. Сонымен қатар, діни бірлестіктердің қызметі 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңмен реттеліп келеді. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 397 мешіт, 47 православ, 10 католик, 86 протестанттық ­христиан шіркеулері және 2 дәстүрлі емес діни бірлестік, жалпы 542 діни орталықтар мен филиалы қызмет көрсетуде. Облыс әкімінің қолдауымен дін істері басқармасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында өткен жылы көптеген нақты жұмыстар атқа­рылды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес облысымызда 20 ақпа­раттық-насихаттау тобы құрылған. Оның 16-сы аудандық, 3-еуі қалалық, 1-еуі облыстық топ мүшелері арнайы жоспарларына сәйкес конфессияаралық келісімді насихаттау, діни және құқықтық сауаттылықты көтеру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттары бойынша жұмыс істеді. Діни экстремизм мен радикализм идеялары таралуының алдын алу, діни ағымдардың қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету, құқықтық кеңес беру және өзге де мәселелерді анықтап шешу мақсатында құрылған «Дін сала­сындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемле­кеттік мекемесі Дін істері басқар­масымен, облыстық, аудандық, қалалық әкімдіктермен, ішкі саясат пен жастар саясаты бөлімдерімен тығыз байланыста іс атқарды. Конференциялар, семинарлар, ашық есік күндерін, дөңгелек үстелдер, дәрістер оқып, кездесулер, сауалнамалар, пікірталастар, сұх­баттар, акциялар, курстар, жал­пы алғанда 493 іс-шараға ұйыт­қы болды. Оған 74895 адам қамтылды. Жұмыссыз жастармен де іс-шаралар өткізілді. Олармен «Дін және жастар», «Діннің қоғамдағы алатын орны және маңызы», «Діни экстремизмнің зардаптары және оның алдын алу» атты кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылды. Мемлекеттік мекеме қыз­мет­керлеріне арналған «Деструк­тивті діни ағымдардан сақтану жолдары», «Ислам терроризмді жақтамайды», «Мемлекет және дін», «Деструктивті ағымдардың алдын алу» деген тақырыптарда басқосулар болды. Ауылдық жерлердегі жұ­­мыс­ бойынша«Қазақстан – зай­ыр­­лы мемлекет: конс­титуциялық-құқықтық ас­пект», «Қазақ хал­қының ұлт­тық дәстүрлері және ислам», «Қазақ­­станның 2050 жылға дейінгі дамуында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың рөлі» атты 14 іс-шара ұйымдастырылды. Сотталғандармен және олардың туыстарымен байланыс Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерінде «Аллаға және оның пайғамбарына, басшыларға бой ұсыну», «Дін мен дәстүр – айырылмас егіз ұғым», «Сүннеттің мәні және оның Құранмен байланысы», «Отанды сүю – иманнан», тағы басқа тақырыптар бойынша өріс алды. Барлық іс-шаралардың барысында міндетті түрде құзыретті, білікті мамандар, теологтар, ға­лымдар, дінтанушылар қаты­­сып отырды. Олардың қатарын­­да профессорлар А.Қаса­бе­ков, М.Төлекова, доцент Қ.Затов, Пав­­лодар қаласының бас имамы Ю.Бердімұратов, Алма­ты об­лы­сы ІІД-нің экстремизммен күрес жө­ніндегі басқарма­сы­ның бөлім басшысы А.Тұрапова, Мә­де­ниет және спорт министр­­лігі Дін істері комитеті төрағасы­­ның кеңесшісі А.Өмірзақ, Қазақ­стан мұсыл­мандары діни басқар­масы­ның діни істер бөлімінің мең­герушісі К.Тұрдыбаев, журналист Ж.Әміреев, тағы басқалар бар. «Жардың шетінде», «Қазақстан – зайырлы мемлекет» атты бейнефильмдер, «Діни экстремизм – опат болудың жолы» атты бейнетаспалар түсіріліп, Асанәлі Әшімовтің «Елім-ай» кинокомпаниясынан бейнефильмдер алынып, басқа да ақпараттық материалдар дайындалып, таратылды. Орталықта сенім телефоны жұ­мыс істейді. Деструктивті діни ағым­дардың қызметінен зардап шеккендерге мекеменің психологі, дінтанушысы, заңгері көмектеседі. Облыс аумағында БАҚ беттерінде жарық көрген мақалаларға мониторинг жүргізіп отырамыз. Өткен жылы дін тақырыбында 700-ден аса мақала жарияланғанын айта кетсем деймін. Талдықорған қаласындағы, Тіл сарайында дәстүрлі діні­міз­дің асыл құндылықтарын өрке­ниетті ­жолдармен насихаттау, хал­қымыздың ынтымағы мен бірлігін сақ­тау мақ­сатында тіл­шілер арасында «Дін және дәстүр» атты бай­қау өтті. Байқау «Үздік телехабар», «Үздік мақала» атты екі номи­нация бойынша өткізілді. Бұл жарысқа 16 аудан, 3 қала қатысты. Сөз түйінінде айтарым, об­­­­­лыс­­та діни ахуал тұрақты. Бір ша­­­­ңы­рақтың астында барлық ұлт­­­­­­тар, ұлыстар, конфессиялар тату-тәт­ті өмір сүріп, егемен еліміз­дің өр­кен­деуіне өз үлесін қосуда. Тәңірберген ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы. ТАЛДЫҚОРҒАН.