Аймақтар • 26 Сәуір, 2024

1 200 түп қара ағаш

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сартап даланы қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмысына тараздық жастар да үлес қосып жатыр.

1 200 түп қара ағаш

«Таза аула. Таза өлке. Таза ел!»­ ата­уы­мен іске асып жат­қан ак­ция­­­ның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деген атау­ға ие болған. Бұл аптада облыс орталығында тұратын жұрт­шылық ағаш кө­шет­терін отыр­ғызуға білек сыбанып кірісті. Әсіресе жанарында от ойнаған жастардың жұмысты құштарлықпен атқарып жат­қа­нын айтпай кетуге болмас.

Тараз қаласының шеткері тұ­сындағы «Қызылабад» ала­бын­дағы №11 аумақтың тұр­ғын­дары мен жастар тал егу­ден сынға түсті. Жарысты ұйым­­дастырушылар жастарды жігер­лендіру мақсатында қар­жылай сыйақы да қарас­тырыпты. Додаға облыстық және қалалық жастар ресурстық орта­лық­та­ры, №11 аумақтық окру­гінің тұр­ғын­дарынан құрал­ғ­ан командалар қатысып, жалпы саны 1 200 қара ағаш екті. Қаты­сушылардың кө­шетті қанша­лықты сапалы ек­кенін, жердің дұрыс қазылуын же­ті адамнан құралған арнайы ко­миссия зерделеп, жүлдегерлер қата­рынан көрінген үздік­тер­ді анық­тады. Жарыс қоры­тын­ды­сында Тараз қалалық жастар ре­сурстық орталығы 1-орын иегері атанса, «Құмшағал жас­тары» командасы 2-орынға тұ­­рақ­тады. Ал үздік үштікті «Әулиеата» жастары командасы түйін­деді. Жүлдеге іліккен ұжым­дар қаржылай сый­­ақымен және ар­найы дип­ломмен марапаттал­ды.

Ұйымдастырушылардың ай­­­­­туынша, «Таза Қазақстан» эко­­ло­гиялық акциясы аясында ат­қа­­рылатын жұмыс мұнымен тоқ­тап қалмайды. Қала маңын абат­тандыру, көгалдандыру жұ­мыстары алдағы уақытта да сәті­мен жалғасын таба бермек. Ең бас­тысы, туған жерді көркейтуге де­ген ерікті жастардың ерік-жі­ге­рі көңіл қуантады. Олар «Таза Қа­зақ­стан» акциясын қолдауға дайын.

 

Тараз