09 Қаңтар, 2015

Берлинде кездеседі

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесуі туралы хабарлады. Былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысын­да жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Президентінің 9 қаңтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Мер­кельмен бейресми кездесуі жос­пар­ланған. Осы келіссөздер барысында екі­жақты ынтымақтастық мәсе­лелері, сондай-ақ, Украинадағы жағ­дай талқыланады. Сонымен қатар, неміс тара­пының өтініші бойынша Қазақ­стан басшысының Германия Феде­рал­дық сыртқы істер министрі Ф.В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.