Экология • 29 Сәуір, 2024

Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі де өнегелі ұрпақ апталығына белсенді үлес қосып жатыр. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ауласында аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері гүл екті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді

Айта кетсек, аталған мекеме зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қариялар мен кейуаналардың денсаулығын қолдауға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға толық мүмкіндік жасауға бағытталған.

«Әрбір ұрпақтың ел-жұртының, оның ішінде аға буын алдындағы адамдық әрі азаматтық парыздары болады. Үлкенге құрмет көрсету – жас ұрпақтың міндеті. Осы орайда, жамбылдық аналар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 гүл екті. Бүгінгі іс-шарамыз да осындай ізгі істің жалғасы болмақ», деді ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Иниятқызы.

Аталған облыс бойынша 162 аналар алқасы құрылған, соңдағы 700-дей ана игі істерге ұйытқы болып, белсенді жұмыс атқарып отыр.