Оқиға • 04 Мамыр, 2024

Астана тұрғыны студенттердің 40 ноутбугын ломбардқа өткізіп жіберген

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 21 жастағы жігіт студенттердің 40-тан астам ноутбугын заңсыз жолмен иемденіп, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана тұрғыны студенттердің 40 ноутбугын ломбардқа өткізіп жіберген

Фото: instagram.com/police__astana

Анықталғандай, «уақытша пайдаланамын» деген желеумен студенттерден ноутбук алуды әдет еткен күдікті алған ноутбуктарды ломбардқа өткізіп отырған. Бұдан түскен ақшаны интернеттегі ойындарға бәс тігуге салып, ұтылып қалған.

Қымбат техниканың басым бөлігі ломбардтардан тәркіленген.

Қалалық полиция мәлімдемесінде: «Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Жас жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның қала аумағында жасалған басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», делінген.