Ауыл • 04 Мамыр, 2024

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Жаңажол ауылында 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: Polisia.kz

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында 2 500-ден астам тұрғын тұрады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Енді бұл дүкендердің сөресінде арақ-шарап мүлде сатылмайтын болады.

«Бұл бастаманы ілгеріту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер жиын өткізді. Онда ауыл тұрғындарының ішімдіктен бас тартуы қылмыстың, құқық бұзушылықтың, отбасылық дау-жанжалдардың жойылуына септігін тигізетіні айтылды. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді», делінген Polisia.kz хабарламасында.

Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен, соңғы 3 жылда мүлде қылмыс тіркелмеген.