Қоғам • 10 Мамыр, 2024

Елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 мамыр күні Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі. «Қазтелерадио» АҚ осындай ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz

Елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

Фото: azattyq-ruhy.kz

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Осыған байланысты, биыл 15 мамырда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген «Қазтелерадио» АҚ хабарламасында.